"Топжарған"
Қараша айының 25 жұлдызы күні №3 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 5-6-7 сыныптар аралығында "Топжарған "зияткерлік интеллектуалды ойын өтті. Байқау шартында "Ұшқыр ой","Ұйқасын тап","Ой мен ойын"бөлімдері бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп ,тапсырмалар орындады. Әдебиетке қатысты өлең шумақтарын айтып белсенділік көрсеткен 6-сынып "Сұңқар"тобы топты жарып жеңімпаз атанды. Пән мұғалімі Н.Құлымбетова білім алушылардың қызығушылықтарын арттырып ,шығармашылыққа баулыды. [center]