"Жас Ұлан және Жас Қыран"ұйым мүшелерінің №1 отырысы » Сш им Октябрь-Жемис
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Жас Ұлан және Жас Қыран"ұйым мүшелерінің №1 отырысы
19
September
2018

"Жас Ұлан және Жас Қыран"ұйым мүшелерінің №1 отырысы

№ 3 орта мектебінде "Жас Ұлан және Жас Қыран" ұймының №1 отырысы 15.09.18 ж күні болды.
Жиын мақсаты мектеп ұйым мүшелерін отанға адал,үлкенге құрмет ,кішіге ізет көрсететін , жақсы оқитын өз отанына адал қызмет ететін,патриот тұлға қалыптастыру мақсатында өтілді. Мектеп директоры А.Ә.Мухаримова сөз сөйледі.
Үш мәселе бойынша жиын өткізілді.
1 мәселе бойынша мектеп тәлімгері Ұ.Монтаева 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен және ауданнан келген жоспарлармен таныстырды. "Жас Ұлан"ұйымы "Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен" тақырыбындағы жоба аясында іс-шаралар өткізуді алдыға қойды.
2 мәселе бойынша "Жас Ұлан" және "Жас Қыран"ұйым мүшелеріне кіретін және шыққан оқушылардың тізімі айтылды.
Өтініш берген тек озат оқушылардын 3 "А" және 3 "Ә" сыныптарынан мүшелікке 7 оқушы қабылдануға өтініш білдірді.
3 мәселе бойынша Ұйым басшылары , бөлім басшылары тағайындалды.

Мектеп ұланбасшысы Бекзатхан Нұрасыл былтырғы жылдың есебін слайд арқылы қорғап ,ашық дауыспен мектеп ұланбасшысы болып қайта тағайындалды.
Мектеп "Жас Ұлан" ұйым оқушыларына сәттілік тілеген мектеп тәлімгері Ұ.Монтаева алдағы іс-шараларға ,қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысуға шақырды.