"Алғыс айтам баршаңа!"
28.02.2020 ж. күні №3 орта мектебінде Алғыс айту күніне орай "Алғыс айтам баршаңа!"атты іс-шара өтілді.Іс-шара барысында 1-11 сынып аралығында 176 оқушы қамтылды. Іс-шараның мақсаты:оқушыларды мейірімділікке,кішіпейілділікке,бауырмалдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Бастауыш сыныптар: ата-анаға,ата-апаға,ұстаздарға алғыс айту өлеңдерін жолдаса,жоғары сыныптар туған жерге ,Отанға ,табиғатқа деген алғыстарын өлең жолдарымен және жыр шумақтарымен жолдады.