26
September
2017
"Сыңғырла, қоңырау!"
Мектебімізде 2 қыркүйек Білім күніне арналған "Сыңғырла, қоңырау!" аптты салтанатты жиынымыз 1.09.2017ж күні сағат 9-00 де мектеп алаңында өтті.Өткізілген жиынға барлық мектеп оқушылары, ата-аналар және ардагер ұстаздар жиналды. Алғы сөз мектеп директоры А.Ә.Мухаримоваға беріліп, келген қонақтарға, білім қызметкерлеріне және оқушыларға өзінің ақ тілегін білдірді.
Салтанатты жиынымыздың қонақтары Жамбыл аудандық мәдениет үйінің директоры, аудандық маслихат депутаты И.Б.Тоғанбаева және Ақбастау ауылдық округінің бас маманы М.И.Елбосынова ұстаздар мен оқушыларға мерекелік тілектерін айтты.
Биылғы 2017-2018 оқу жылына аяқ бастап келген 1"А" 1 "Ә" -сынып бүлдіршіндері салтанатты жиынымыздың сәнін келтіре алтын ұя мектебімізге, ұстаздарға арнап өлең шумақтарын бал тілімен айта білді. Бүлдіршіндер үшін ақ тілекті11-сынып оқушылары да арнап білім бастауы болған "Сауат ашу" оқулығы тарту етті. Болашақта осы мектепке тарыдай болып келіп, таудай болып шығатын бүлдіршіндеріміз шаттық шеңберде (газды ауамен толтырылған) түрлі түсті шарларын аспанға әуелете ұшырды.
Елбасымыздың "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық актісін іске асыру мақсатында тәрбие көзінің басты бағытында Білім күніне арналған алғашқы білім сабағы "Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбына арналды.
1-8-сынып сынып жетекшілері алғашқы ашық есік тәрбие сағаттарын үлкен дайындықпен (сынып бөлмелерін көркем безендіруде, түрлі көрнекіліктермен, слайд түрінде) өткізді.