01
март
2019
"Аялы алақан "қайырымдылық акциясы
27.02.2019ж күні Жамбыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету мемлекеттік мекемесінде №3 орта мектебінің "Жас Ұлан және Жас Қыран"ұйым оқушылары мектеп тәлімгері Ұ.Монтаева мен әлеуметтік педагог ҰД.Ұябаеваның ұйымдастыруымен "Аялы алақан" қайрымдылық акциясы өтті.Балалардың санасына мейрімділік ,қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру ,оқушыларды кішіпейілділікке ,бауырмалдыққа баулу мақсатында өткізілген акцияда "Жас Ұлан"ұйым оқушылары атап айтсақ мектеп ұланбасшысы Бекзатхан Нұрасыл ,Омаров Тыныс,Тастанов Самғат,Шайжан Арайлым,Дүйсен Жазира,Тоқтаралы Ұлдана 1 сынып оқушысы Жұмабек Ақжайық өздерінің өнерлерін көрсетті және қолдарынан пісірген тәтті торттарын ұсынды.