Ауған соғысы ардагерімен кездесу » Сш им Октябрь-Жемис
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысы ардагерімен кездесу
16
февраль
2018

Ауған соғысы ардагерімен кездесу

№3 орта мектебінде ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Жамбыл ауданы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Д.Нуралиевпен кездесу өтті. Кештің мақсаты өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған азаматтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. кеш барысында Ауған соғысы туралы қысқаша видеороликтер көрсетіліп, оқушылар көкейінде жүрген сұрақтардан сұхбат алынды. Соғыс ардагері болашақ ұрпақтарға қоғамымыздағы болып жатқан саяси жаңалықтардан үнемі хабардар болуға, елімізді қорғау үшін әрдайым дайын болу әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы деп біліп, адал болуға шақырды. Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды емес пе? Батылдық пен ерліктің ерең үлгісін көрсетіп қаза болған қаһарман азаматтарды бір сәт үнсіздікпен еске алдық.
АӘД пәні мұғалімі Т.Жұмаділов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Меңлібаева және "Жас Қыран", "Жас Ұлан" ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен дайындаған патриоттық әдеби музыкалық монтаждарды ардагер үшін ұсынылды. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.
Бүгін өзімізбен бірге еліміздің көсегесін атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу біздің борышымыз.