"Тәуелсіздік тұғырым" » Сш им Октябрь-Жемис
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
декабрь
2018

"Тәуелсіздік тұғырым"

Жамбыл обылысы .Жамбыл ауданы №3 орта мектебі 14.12.2018ж күні Қазақстан Республикасының ТӘУЕЛСІЗДІК күніне орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты іс-шара өтті.Іс-шарны мектеп тәлімгері Ұ.Монтаева мен 11 -сынып оқушысы Дәулетхан Нышанхан жүргізді.
Мақсаты:Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін көтеру ; жас ұрпақтың бойында еліне,жеріне ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Халқымыздың азаттық жолының сан ғасырлық тарихы бар.Ерлік пен елдіктің ғажайып үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігіміз сақталды, «Қазақ»деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді.
Пешенесіне талай тағдыр батпандап қайғы мен қасырет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық демі бұлқынып,Желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған Қазақ азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды.
Бұл-Қазақ халқы үшін,Қазақстанды Отаным,елім,жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға,зор қуаныш.Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол – Тәуелсіз Қазақстан!
Оқушылар Қайрат ,Ләззат,Сабира т.б аға-апкелеріне арналған өлең-шумақтарын арнады.Патриоттық әндер шырқалды.
Мектебіміздегі ұстаздар атап айтсақ музыка пәнінің ұстазы Иетаева Фая "Желтоқсан әні ызғарлы"және дене шынықтыру пәнінің ұстазы Шопашев Әділет "Атамекен"әнін орындады.

"Тәуелсіздік тұғырым"

 


 

"Тәуелсіздік тұғырым"