18
декабрь
2018
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы № 3 орта мектебі "9 желтоқсан -Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай "Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет"тақырыбында 04.12.18ж күні ДҚТІЖО Ә.Пірімқұлов кіріспе сөз сөйлеп оқушыларға таныстырды. 9-11 сыныптар арасында сынып жетекшіллері З.Тұрғанбаева мен Қ.Садыбекованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушыларға "Сыбайлас жемқорлық"ұғымдарының мағыгнасын ашу,өз көз қарастарын білдіру,дүние танымдарын кеңейту,мемлекет ісіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.Оқушылардың көз қарастарын анықтау мақсатында сыныпты топқа бөліп "Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады"сұрағы беріліп,пікірлері ортаға салынды.Пара бермей және алмау қағидасын ұстанып,мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігімен жетуге тырысу керек деп болашақтағы әділдікті жақтайтын оқушыларымыз өз ойларын білдірді.