"Аялайық,аналарды" » Сш им Октябрь-Жемис
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » "Аялайық,аналарды"
12
March
2018

"Аялайық,аналарды"

№3 орта мектебінде 8-Наурыз -Халықаралық әйелдер күніне жоспар жасалынып,бекітілді.Мереке қарсаңында мектеп қабырғаларына қанатты сөздер жазылған билборттар , оқушылар тарапынан құттықтама үнқағаздары ілінді.
06.03.18ж күні мектеп жанынан құрылған шағын орталығында "Анашым , ана жаным " тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Апта күндерінде 1-4 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтті.Тәрбие сағаттарына аналары қонаққа шақырылып ,меркелік кеш сыйлады.
5-11 сыныптар аралығында 07.03.18 жкүні өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 1-сабақта "Ана -өмірдің шуағы","Әлемнің жарығын сыйладың сен маған", "Ананың аяулы алақаны","Ана-асыл жан","Анашым-асыл әнім" т.б тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізді.Ұстаздар мен аналарға ақ тілекті өлең шумақтарымен құттықтау қағаздарын ұсынды.
Мерекелік концерттік бағдарламаны "Бозбала"ер балалар ұйым жетекшісі Ә.Шопашев және 10 сынып оқушылары жүргізді.Ұл балаларымыз , ер ұстаздарымыз қыз балалар мен ұстаздарға арнап айтулы тілектермен, "Ана "атына байланысты қасиетті ұғымдар туралы өз пікірлерімен бөлісті.Ұстаз аналарды құрметтеуге,қыз балаларды сыйлауға ,үйдегі отбасының ұйытқысы болатын аналарды қадір тұтуға шақырды.Түрлі сатиралық қойылымдар мен пародиялар ұсынып,көпшіліктің көңілін көтерді.Кеш соңында ДОТІЖО Ж.Досқожа мен дене тәрбиесі пәнінің ұстазы Ә.Шопашев метебіміздің әйел мұғалімдері мен қызбалаларға арнап әндер орындады.


Мектеп директоры А.Ә.Мухаримова.
Орын.:Ұ.Монтаева.
Тел.:5-01-36.