Ауған соғысына 30 жыл » Сш им Октябрь-Жемис
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2019

Ауған соғысына 30 жыл

№3 орта мектебінде "Ауған қасіреті"атты іс-шара 12.02.19ж күні өткізілді.
"Жас Ұлан және Жас Қыран"ұйым мүшелері мен аға тәлімгер Монтаева Ұлжан іс-шараның өтілуіне үлкен үлес қосты.
Жас Ұландықтар 7-8-9 сынып оқушылары Манат Қарақат,Дәулетхан Қасымхан,Болат Нұрбек,Көпбосын Абзал,Бақытбек Бердияр "Ауған тұтқыны"болған қазақ азаматының бейнесін сомдаған көрініс соғыс жауынгерлерінің басынан өткен қиыншылықтарын айқын көрсетті. "Жас Қыран" топ қыздары "Тұмар"биін биледі.
АӘД пән мұғалімі Т.Жұмадиловинтерноцианалист ардагерлердің Ауған соғысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлықтарын тарихи деректер бойынша баяндап,мектеп оқушыларын патриоттық рухта өсуге,Отанына деген сүйіспеншілікке ,жеке адамның аман-саулығының қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыста екенін сездірді.
"9-рота "бейнефильмі көрсетілді.Ауған жерінен қайта алмай қалған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды.
Ауылымыздың тумасы ауғаныстан соғысының ардагерлері Тұтқышбеков Нұрлан,(Алматы қаласында қызмет етеді),Өмірбеков Жорабек аталарымыздың өмір деректерін баяндап,слайд жасалынып көрсетілді.
Ардагерлер құрметіне мектеп кітапханасына "Ауғанның отты жылдары"атты бұрыш ашылды.

Ауған соғысына 30 жыл
Ауған соғысына 30 жыл
Ауған соғысына 30 жыл