"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" » Сш им Октябрь-Жемис
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№3 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » "Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары"
01
март
2018

"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары"

28 - ақпан күні Бірслесу-Еңбек ауылында Кәсіподақ Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі және Білім қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитетінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары"атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының аудандық фестивалі болып өтті.
Мақсаты:Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты мақаласын басшылыққа алу,білім саласының көркемөнерпаздық шығармашылықпен айналысатын дарынды қызметкерлерін анықтау,олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ұштау,қолдау көрсету,өнердің барлық түрдегі және жанрдағы көркемөнерпаздық шығармашылықты насихаттау және одан ары дамыту.
№ 3 орта мектебінің ұжымы көркемөнерпаздар шығармашылығының фестиваліндегі ережедегі барлық жанрлар бойынша өтті.
1. Хор "Егемен ел Қазақстан" барлық мектеп ұжымы
2.Көркем сөз "Сен қазақсың"Монтаева Қарлығаш
3.Оркестірлер,ансамбльде "Әгугай домбыра"Досқожа Жандос пен Иетаева Фаяның орындауында.
4.Вокалдық жанр "Махаббат жыры"Досқожа Жандостың орындауында
5.Хореография / Әр түрлі ұлт өкілдерінің биі/ "Ұлттар бірлігі жасасын"
6.Драма өнері "Ұстаз мәртебесі"
Байқаудың барлық жанрларын нақышына келтіріп орындаған екі мектептің ұжымына Е.Мәденов еңбектеріңізге табыс,осындай ұйымшылдықтарыңыз әрқашан биік болсын деді.